Жаңалықтар

10 маусым 2016
Елбасының атына Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтан көңіл айту жеделхаты келіп түсті

Р.Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаларға байланысты шын ниетпен көңіл айтты.

«Адамдарды қазаға ұшыратқан қатігез экстремистік шабуыл біздің зығырданымызды қайнатты. Қылмыскерлер табылып, заңды жазасын алады деп сенеміз. Қаза болғандардың жақындарына қайғысына ортақтасып, шын ниетпен қолдайтынымызды, аяусыз қылмыс кезінде зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімізді  жеткізуді өтінеміз» - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда