Жаңалықтар

13 маусым 2016
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Орландо қаласындағы террористік акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Жеделхатта: «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – делінген.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Б.Обамаға, Америка халқына, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда