Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 маусым 2016
Мемлекет басшысының атына Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан көңіл айту жеделхаты келіп түсті

Жеделхатта Беларусь елінің Ақтөбедегі әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды қазаға ұшыратқан террористік акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен.

«Беларусь терроризмнің кез келген көрінісіне ымырасыз қарсы тұру ісінде достас Қазақстанмен әркез ынтымақтастықта болады», - делінген хатта.

А.Лукашенко Қазақстан Президентіне, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда