National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Зияткер Қазақстан» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты

2016 жылғы 12 мамыр

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстанның және шет мемлекеттердің танымал ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар басшылары, ғылым саласындағы отандас сарапшыларымыз қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Қазақстан Президентінің отандық ғылым әлеуетін арттыруға айрықша мән беретіндігін атап өтті. «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген міндеттер экономиканың ғылымды қажет ететін салаларын қалыптастырумен байланысты. Жаңа технологиялық деңгейге көтерілу үшін экономиканың әрбір саласы инновациялық қадамдарды қажет етеді.

Г.Әбдіқалықова «білім үшбұрышының» – білім, зерттеу және инновация экономиканың ғылымды қажет ететін салаларын дамытуда негізгі рөл атқаратынына Мемлекет басшысының ұдайы тоқталатынын атап өтті. Ол сондай-ақ бүкіл әлемде жаһандық бәсекелестік тудыратын жаңа технологияларға, ғылыми зерттеу нәтижелеріне және жоғары білікті мамандарға сұраныс бар екеніне баса назар аударды.

Мемлекеттік хатшы 2010 жылдан бастап Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік  индексі бойынша өз позициясын жақсартқанын айтты. Айталық, 2015 жылы «Инновациялық әлеует» көрсеткіші бойынша 31 позицияға (140 елдің ішінде 112-орыннан 81-орынға), ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы мен инновация бойынша 29 позицияға (101-орыннан 72-орынға), ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік көрсеткіші бойынша 21 позицияға (91-орыннан 70-орынға) көтерілгендігі аталады.

Дөңгелек үстел барысында үш панельдік сессия өтті, онда отандық ғылымды одан әрі дамытуға және қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерін ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Мемлекеттік хатшы зерттеудің ішкі ресурстарын дамытудың маңыздылығына,  шет елден ғалымдарды, соның ішінде шет елдерден ғылыми жұмыстарымен танымал қазақстандық ғалымдарды жаппай тарту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Бүгінде Қазақстанда ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер – Назарбаев университетіндегі «Астана бизнес кампус» хайтек-паркі және Алматыда «Алатау» технопаркі  құрылды. Нақты өндірістік жобаларды іске асыру үшін кластерлер базасында жоғары технологиялық компаниялар, соның ішінде шетелдік компаниялар тартылатын болады.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қазақстан ғылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің