Жаңалықтар

17 ақпан 2010
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады.

О.Өксікбаев Президентке комитет жүргізген 2009 жылғы бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу барысында сондай-ақ зейнетақы қорларын қалыптастыру мәселесі, кедендік және салықтық әкімшілендіру талқыланды.

- Мемлекет басшысы Есеп комитетіне инвестициялық дамуға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар қозғалысын бақылау жөніндегі жұмысты белсенді жүргізуді тапсырды, - деді О.Өксікбаев.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар